![COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 1775-ке жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/17/1581912111576.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
COVID-19 вирусынан әлем бойынша 1775 адам қайтыс болды. 71 326 адам індет жұқтырған. 10 610 науқас ауруханадан шығарылды.
Қазіргі уақытта тағы 7 264 адамның індетті жұқтырғаны анықталып отыр. Науқастармен қарым-қатынаста болған 150 539 адам дәрігерлер бақылауында.
Эпидемия ошағы - Хубэй провинциясында өткен тәулікте 1933 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. 1016 адам емделіп, ауруханадан шығарылған.
Ал Гонконгта вирус жұқтырғандардың саны 57-ге жетті (оның біреуі қайтыс болған, екеуі ауруханадан шығарылған), Макаода - 10, Тайванда 20 адам жұқтырған (оның біреуі қайтыс болған, екеуі ауруханадан шығарылған).
Қазақстанмен шекараласып жатқан ҚХР-дың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесі (Қытай) 75 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелді, оның біреуі көз жұмды, 12-сі емделіп шықты.
Қазіргі уақытта ШҰАА Іле-Қазақ автономиялы облысында (ИКАО) 14 пациент емделуде, ал Шыңжаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесінің әкімшілік орталығы Үрімші қаласында - 19. Жалпы, Шыңжаңда бес мыңнан астам адам медициналық бақылауда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=COVID-19 вирусынан қайтыс болғандардың саны 1775-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123108/)