Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданы еліміздегі спорттық өлкелердің біріне айналмақ. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік жобасы аясында ауыл кәсіпкерлері елді-мекендерге жаппай спорт кешендерін салып жатыр. Былтыр төртеуі ел игілігіне берілсе, биыл тағы 8 жаңа нысанның құрылысы қызу жүруде. Салауатты ұрпақ тәрбиелеуге ден қойған ауданның бұл игі бастамасын тілшіміз Әділбек Серікұлы көріп қайтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сыр өңірінде спорт нысандары көбейіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123129/)