Семейде спорттық робототехника чемпионаты өтіп жатыр. Оған өңірдегі қала және ауыл мектептерінен 200-ден астам оқушы қатысуда. 10 мен 17 жас аралығындағы дарынды балалар өздері құрастырған құлтемірлерді «Робосумо», «Танк биатлоны», «Кегели Ринг» сынды сайыстарда сынайды.
Сондай-ақ 3D модельдеу бойынша да мықтылар анықталмақ. «Биыл екінші рет өткізіліп отырған зияткерлер сайысының ауқымы кең», -дейді ұйымдастырушылар.
Ержан Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде робототехникадан чемпионат өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123140/)