Шығыс Қазақстанның Зайсан ауданында бұқаралық спортқа ерекше ден қойылып келеді. Үлкен де, кіші де қысы-жазы спортпен шұғылдануда. Былтыр облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, Зайсан қаласы мен 7 ауылда спорт және балалар ойын алаңдары салынды. Осының арқасында тұрғындар үшін спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік пайда болды.
Берік Көшербай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=ШҚО-дағы ауылдарда спорт алаңдары ашылып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123144/)