Елімізде өңір басшыларының халық алдында есеп беруі жалғасуда. Мәселен, Қостанай облысында 2019-шы жыл автоөндіріс саласы үшін аса табысты болды. Былтыр желіден 25 мыңнан астам көлік шығарылып, экспорт көлемі де едәуір артқан. Ал 2018-ші жергілікті зауытта небәрі 12 мың көлік құрастырылған. Бұл деректерді халық алдында есеп берген аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов келтірді. Сондай-ақ былтыр өңірде 335. 4 мың шаршы метр тұрғынүй пайдалануға берілген. Жалпы соңғы төрт жылда облыста 1 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынып, 10 мыңнан астам адам баспаналы болды. Аграрлы аймақты аграрлы -өндірісті өңірге айналдыру бүгінде басты межеге айналып отыр.
Дәуренбек ӘБДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қостанай облысында автоөндіріс саласының табысы артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123167/)