![Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/18/1582021922103.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. WTA рейтингінде 2141 ұпай жинап, 25-ші орыннан 19-орынға көтерілді. Осылайша отандасымыз үздік 20-лыққа кірген тұңғыш қазақстандық теннисші атанды. Бұған дейін ең жоғары көрсеткіш Ярослава Шведоваға тиесілі болды. Ол 2012 жылы 29 қазанда шыққан WTA рейтингінде 25-орынға жайғасты.
Сонымен қатар Юлия Путинцева 34-тен 32-ге жоғарыласа, Зарина Дияс бұрынғы 63-орнын сақтап қалды. Эшли Барти әлемдік рейтингте көш бастауға ешкімге мүмкіндік берер емес. Румыниялық Симона Халеп екінші орынға тұрақтаса, чехиялық Каролина Плишкова үшінші орында тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Рыбакина әлемнің топ-20 теннисшілерінің қатарына кірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123190/)