25-тамызда Астанада «АгроИнвест Форум-2017» шарасы өтеді. Діттеген мақсат – отандық агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тартып, оның экспорттық әлеуетін арттыру. Жаһандық деңгейдегі форумға Қытай, Иран, Ресей, Түркия, БАӘ, Венгрия, Польша, Испания және тағы басқа елдерден 100-ден аса адам қатыспақ. Шақырылғандардың дені – қалталы кәсіпкерлер, ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер және беделді халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері. Жиын соңында Қазақстан үшін маңызды бірқатар құжаттарға қол қойылмақ.
Айта кетейік, соңғы 5 жылда агроөнеркәсіп саласына 375 млрд. теңгеден асатын шетелдік инвестиция тартылған. Қазір 10 жылға 100 млн. еуро алу үшін Еуропалық инвестициялық банкімен келіссөздер жүргізілуде.
Армангүл ТОҚТАМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемнің ірі инвесторлары елордада бас қосады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12321/)