Сотқа дейінгі бұлтартпау шарасын қайта қараған мамандандырылған тергеу соты осындай үкім шығарды. 2 ай мерзімге қамауға алу жөніндегі санкцияның өзгертілуіне Ұлттық Қауіпсіздік комитеті, тергеу департаментінің бас тергеушісінің өтініші негіз болған. Бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстыру еліміздің Бас прокуратурасы Қылмыстық-атқару қызметі басшысымен келісілген-деп хабарлама таратты Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі. Естеріңізге сала кетейік, Болат Бақауов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен 15-қаңтарда ұсталған болатын.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов үй қамағына шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123249/)