![Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2118-ге жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/20/1582173942664.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ал коронавирустық инфекция расталған жағдайлар саны 74 057-ден асты. Оның ішінде, 2 118 адам қайтыс болды. 16 155 адам емделіп, ауруханалардан шығарылды, деп хабарлайды Қытай Денсаулық сақтау мемлекеттік комитеті.
Сәрсенбіде инфекцияның 74 185 расталған жағдайы тіркелді. Оның 2 004-і қайтыс болды. 14 376 адам сауықтырылды.
Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түріне шалдыққан болуы мүмкін 1 277 жағдай тіркелді. Науқастармен тығыз байланыста болған 12 636 мың адам медициналық бақылауда.
Ал Гонконгта инфекция жұқтырған 65 адам анықталды. Олардың 2-еуі қайтыс болды, 5-еуі қалпына келді.
Ал Макаода 10 адам дертке шалдықты. Олардың алтауы босатылды.
Сонымен бірге, Тайваньда да 24 адам вирус жұқтырды . Олардың біреуі қайтыс болды. Ал екеуі сауықтырылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда коронавирус ауруынан көз жұмғандар саны 2118-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123286/)