Ақтөбеде бүгіннен бастап ірі базарлардың барлығы кезек-кезегімен бір күнге жабылады. Себебі коронавирусқа қарсы дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұған саудагерлер де түсіністікпен қараған. Одан бөлек халық көп шоғырланған жерлерде кезекті рет індетке қарсы оқу-жаттығулар өтпек.
Зарарсыздандыру жұмыстары кезеѕң-кезеңмен басқа да сауда орындарында жүргізіледі. Тұрғындар арасында алаңдаушылық жоқ. Медициналық бетперделерге сұраныс та көп емес.
Мамандар, әсіресе, шет елдерге шығатын тұрғындарға сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.
Жақсыбек КЕМАЛ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбедегі ірі базарлар бір күнге жабылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123328/)