![5 наурызда «Nur Оtan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/21/1582259607962.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2020 жылдың 5 наурызында елордада «Nur Оtan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Нұрсұлтан Назарбаев 2020 жылдың 5 наурызында Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Оtan» партиясының Саяси кеңесі бюросының отырысын өткізу туралы қаулыға қол қойды», деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 18 наурызда партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=5 наурызда «Nur Оtan» партиясы Саяси кеңесі бюросының отырысы өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123349/)