Президент Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті. Саясат Нұрбек Президентке «Жаңа мамандықтар атласы» ұлттық жобасының жүзеге асырылуы жайын баяндады. Сондай-ақ кәсіптік-техникалық білім беру ісін және еңбек нарығын дамыту мәселелері сөз болды. Білім жүйесін жаңғыртуға байланысты мәселелер кеңестің кезекті отырысының күн тәртібіне енгізілетінін айтты Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Экономикалық саясат институтының президенті Қайырбек Арыстанбековпен де кездесті. Онда ұлттық экономиканы дамыту, мемлекеттің әлеуметтік саясатының тиімділігін жақсарту мәселелері талқыланды.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қ.Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123385/)