Еліміздегі базарлар мен сауда орындарында жәндіктерге қарсы улы химикаттарды сатуға тыйым салынды. Бұл жөнінде аса қауіпті инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы мәлімдеді. Яғни қауіптілігі 1-ші, 2-ші, 3-ші санатқа жататын залалсыздандыру құралдары сауда сөрелерінен жойылуы тиіс. Аталған санитарлық шара заңнамаға тиісті өзгертулер енгізілгенше дейін уақытша қабылданды. Айта өтейік, улы химикаттардың бей-берекет сатылымы мен қолданылу талаптарының сақталмауы салдарынан тек осы айдың өзінде Маңғыстау облысында 11 адам ауруханадан бірақ шықты. Ал былтыр 2 бала мен бір ересек адам қайтыс болды. Сондай-ақ таяуда Шымкент қаласының тұрғыны көз жұмды.
Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауда орындары мен базарларда жәндіктерге қарсы улы химикаттарды сатуға тыйым салынды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123400/)