![Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/24/1582516646048.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Синоптиктер ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында күндіз тұман болады.
24 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады.
24 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлеріне де тұман түседі. Оңтүстіктен соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Дүйсенбі Орал қаласында тұман болады, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 18 м/с-қа жетуі мүмкін.
24 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дүйсенбі Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болады.
Бүгін Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі. 24 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123422/)