![Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/24/1582517412483.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті. Індетті бұл елде 77 150 адам жұқтырған. 24 734 науқас емделіп, ауруханалардан шығарылды
Қазіргі уақытта 49 824 адам ауырып жатыр, оның 9915-і ауыр халде жатыр.
Өткен тәулікте әлем бойынша 409 жаңа жұқтыру оқиғасы тіркелген. 1846 адам ауруханадан шығарылса, 140 адам қайтыс болған. Науқастармен тығыз қарым-қатынаста болған 97 мың адам дәрігерлер бақылауында.
Ал Оңтүстік Кореяда коронавирустан қайтыс болғандар саны 7 адамға жетті. Дертке шалдыққандардың жалпы саны - 763. Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында елдің білім министрлігі барлық балабақша мен мектептерге жаңа семестрдің басталуын бір аптаға шегере тұруды тапсырды.
Ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2592-ге жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123423/)