Бүгін Астана халықаралық қаржы орталығы мен Microsoft компаниясы екеуара ынтымақтастықты арттыру туралы меморандумға қол қойды. Нәтижесінде тараптар Қазақстанда блокчейн-технологияларды дамыту бағытында күш біріктіреді. Қолданыстағы жаңашылдықтарды жетілдіріп, жаңа стартап жобаларды қаржыландырады, қолдау көрсетеді. Сондай-ақ, келісім елдегі кәсіпкерлер мен үкімет арасындағы әріптестікті жандандырып, инвестициялық жағдайды дамытуға мүмкіндік бермек.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда қаржылық технологияларды дамыту орталығы ашылуы мүмкін&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12344/)