Таяу Шығыстағы жағдай өткен тәулікте мейлінше ушықты. Израиль авиациясы «Ислам жиһады» қозғалысының позицияларына әуеден соққы берді. Одан төрт палестиналық жараланған. Бұған дейін жауласушы тараптар Газа секторы айналасында бір-біріне зымыран жіберді.
Израиль «жиһадшылдардың» Дамасктегі бекеттеріне соққы берді. Алайда Сирия армиясы еврей мемлекетінен жеткен ондаған ракетаны құлатып түсіргенін және сол шабуылдың зардабын тексеріп жатқанын мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Израиль Газа мен Сирияға зымыран атты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123442/)