![Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/26/1582689058016.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті. Атап айтқанда, Қытайда - 2715, Оңтүстік Кореяда - 11, Diamond Princess лайнерінде - 4, Италияда - 11, Жапонияда - 1, Иранда - 16, Гонконгта 2 адам індеттен көз жұмған.
Қытайда 78 мың адам COVID-19 вирусын жұқтырған. 29 мың адам емделіп, ауруханадан шығарылған.
Ал Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 169 адам дерт жұқтырған (жалпы саны 1146), 1 адам қайтыс болған. Елде эпидемиологиялық қауіп деңгейі үшінші «қызғылт сарыдан» төртінші «қызылға» дейін көтерілді.
Коронавирус Швейцария мен Алжирде де тіркелді. Сондай-ақ Германияда да анықталды. Онда 18 адам вирус жұқтырған.
Ал Италияда қайтыс болғандардың саны 11-ге жетті. Оның 9-ы Ломбардия ауданында, тағы екеуі Венето провинциясында көз жұмған.
ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2763-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123549/)