«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» тақырыбымен бейнероликтер топтамасын әзірледі. Оның кейіпкерлері - еліміздегі Балалар үйінің тәрбиеленушілері.
Жобада ата-ана қамқорлығына мұқтаж балалар туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар балаларды қамқорлығына алғысы келетін жандар үшін орталық мекенжайлары мен арнайы телефон нөмірлері көрсетілген.
Мақсат - осы арқылы әр баланың толық отбасында тәрбиеленіп, ата-ананың аялы алақанын сезініп өсуіне ықпал ету.
Бейнероликтер топтамасы Ұлттық арна эфирінен күн сайын беріледі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» арнасы «Жәутеңдеп бала жүрмесін!» бейнероликтер топтамасын әзірледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123570/)