Прапорщиково ауылының маңы әп сәтте құтқарушылардың, жедел-жәрдем мен полиция көліктеріне толып кетті. Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша әуеге көтерілген Ан-2 маркалы ұшағының қозғалтқышынан ақау шығып, кері бұрылғаны туралы алғашқы хабар оларға 12-ден 26 минут кеткенде түскен. Бірақ, санитарлық авиацияның ұшағы әуежайға жете алмай, жақындағы егіс алқабына қонуға мәжбүр болған.
Ұшақта 5 адам болған. Санитарлық авиацияның 2 дәрігері және 3 экипаж мүшесі. Олар Ақсуат ауылынан Өскеменге 4 айлық баланы жеткізуге тапсырма алып, жолға шығыпты.
Адамдардың жеңіл-желпі жарақат алғаны болмаса, қатты зардап шекпеген. Ұшақ жеке компанияға тиесілі.
Берік КӨШЕРБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Өскемен маңына ұшақ апатты жағдайда қонды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123592/)