Жұмбақ әрі жұқпалы індеттің лезде тарап, өлім-жітімнің көбеюіне байланысты елімізден шет елдерге қатынайтын бірқатар әуе бағыттарына шектеу қойылмақ. Мәселен, Алматы-Сеул бағыты бойынша, аптасына 5 рет ұшатын ұшақ енді бір-ақ рет қатынайды. Ал Нұр-Сұлтаннан Сеулге аптасына 2 рет жасалатын рейс біреуге қысқартылды. Алматыдан Сеулге аптасына екі рет шығатын ұшақ та 1 рейске азайып, жұмасына бір рет ұшатын Алматы-Тегеран бағытындағы рейс уақытша тоқтатылды. Мамандар Оңтүстік Корея мен Иранға сапарлауды жоспарлап отырған отандастарымыздан әзірге сапарын тоқтата тұруды сұрауда.
Асима НҰРБАҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея мен Иранға рейстерді қысқартпақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123595/)