![Шымкентте қолайсыз ауа райынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/27/1582774481008.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Шымкентте нөсер жауынан аулалар суға толып, жұртты әбігерге салды. Қатты жел мен қардың салмағын көтермеген ағаштар құлап, көліктерді басып қалған.
26 ақпаннан 27-сіне қараған түні қала аумағында жауған жауын-шашынның салдарынан бірнеше үйдің ауласына жаңбыр суы жиналған. Өрт сөндіру бөлімдері мен жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері Абай, әл-Фараби, Қаратау аудандарында суды шығару жұмыстарын жүргізген. Авариялық-құтқару жұмыстары Қайтпас-1, Нұртас, Ақжайық, Химфарм, Қазығұрт, Самал-3 шағын аудандарында жүргізіліп, онда жеке құрамында 35 қызметкер 8 техника мен 8 мотопомпа жұмылдырылған.
Таңғы сағат 07:48-де «112» Құтқару қызметіне Күншығыс шағын ауданындағы көпқабатты үйдің ауласында және әл-Фараби ауданындағы Түркістан көшесі мен Д.Қонаев даңғылының қиылысында ағаштардың құлағаны туралы хабарланған. Сол сияқты Әбдіразақов көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында автокөліктің үстіне ағаш құлағандығы туралы ақпарат түскен. Зардап шеккендер жоқ.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шымкентте қолайсыз ауа райынан ағаштар құлап, көліктерді басып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123613/)