![Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/28/1582861063060.png?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Корея тағы 256 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғанын мәлімдеді. Осылайша елде дертке шалдыққандардың саны 2022-ге жетті. Қазіргі уақытта індеттен 13 адам көз жұмды.
256 оқиғаның 182-і Тэгу қаласында, ал 49-ы көршілес Солтүстік Кенсанда тіркелген.
Жалпы, коронавирус 46 елге таралған. Қытайдан тыс жерде індеттен 57 адам қайтыс болған.
Ал Қытайда коронавирус құрбандарының саны 2788-ге жетті. 78 824 адам дертке шалдыққан. 36 117 адам емделіп, ауруханадан шығарылды.
Нигерияда коронавирус жұқтырудың алғашқы жағдайы тіркелді. Елдің денсаулық министрлігі Лагос штатының тұрғыны вирус жұқтырғанын растады.
Фото: ria.ru
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда тағы 256 адам коронавирус жұқтырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123673/)