![Коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/2/28/1582867589468.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2 наурыздан бастап коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады. Мұндай шешім дертті жұқтырудың алдын алу мақсатында қабылданып отыр. Бұл туралы елдің премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеді.
Ал балалар сәуір айының басында ғана сабаққа қайта оралады.
Сондай-ақ Жапония премьері елдегі ірі спорттық және мәдени шараларды екі аптаға кейінге қалдыруды тапсырды.
Бұл елде коронавирус жұқтырғандар саны 900-ден асты. 8 адам қайтыс болған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирусқа байланысты Жапониядағы мектептер уақытша жабылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123680/)