![Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/1/1583034191806.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бұл мейрам – өзара құрмет пен сенімнің, мейірім мен ізгіліктің мерекесі. Қазақ жұрты қиын-қыстау кезеңде амалсыз қоныс аударған миллиондаған адамның құтты мекеніне айналды. Олардың өздері де, ұрпақтары да жерімізден пана тауып, өсіп-өніп, Қазақстанның дамуына зор үлес қосты. Бұл күні біз елді өркендететін тату тіршілік пен жарасымды сыйластық жолындағы ниетіміздің тоғысқаны үшін бір-бірімізге алғыс айтамыз. Еліміздің барлық азаматтарына Қазақстанды дамытуға қосқан өлшеусіз үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдіремін», - делінген құттықтауда.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123745/)