Көктем де туды. Ауа райын болжау қызметі күннің күрт жылынатынын айтады. Ал су басу қаупі биыл артып отыр – қарлы қыс болды. Сондықтан тақырып бойынша тағы сюжет жасадық. Бұл жолы Қарағанды облысын алдық. Облыста 7 ауданды су басу қаупі бар. Қар әлі күнге дейін толық тазартылмай жатыр. Себебі техника тапшы.
Кейде ойлайсың, су тасқыны сияқты апаттардан көретін шығындардың бәрін есептесе, жиынтығы оның алдын-алуға кететін шығындардан бәрібір көп болады ғой, онде неге шығынды барынша азайтатын амалдар жасалмайды? Мүмкін бұл біздің уақыттың ресми жауабы жоқ, қоюдың өзі ретсіз сауалдары ма?
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды облысында 7 ауданды су басу қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123754/)