![Елжан Біртанов: Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/2/1583130890398.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде коронавирус инфекциясы анықталған жағдайға «Б» жоспары дайындалғанын мәлімдеді.
«Ең бастысы – елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам анықталған жағдайға дайын болу. Ол тұрғыда бізде «Б» жоспары бар. Ол жоспар әзірленіп, барлық мемлекеттік органмен мақұлданды. Бұл жоспардың негізі – Қазақстан аумағында инфекцияның таралуын барынша шектеу. Қазіргі уақытта барлық мемлекеттік органмен, әкімдікпен тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елжан Біртанов: Коронавирус анықталған жағдайда «Б» жоспары бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123770/)