Сыр өңірінде «Абайдың мұрасы» атты халықаралық өнер-білім сайысының аймақтық іріктеу кезеңі өтті. Оған ұлы ақынның өлең-жырын жатқа білетін 500-ден астам оқушы қатысты.
Шығармашыл өрендердің өнері жас ерекшелігіне қарай бағаланды. Абайдың өлеңдерін, қарасөздерін нақышына келтіре орындауда кіші топтың өзінде 50 бала сайысқа түсті. Сондай-ақ, жас абайтанушылар эссе жазып, жас ақындар ұлы хакімге арнаған өлеңдерін оқыды. Байқау барысында ән-би, күй өнері де дәріптелді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іріктеу еліміздің бірқатар қаласында өткен. Үздіктер сәуір айында Абайдың елі – Семейде өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды. Ал бұл фестиваль мамыр айында Алматыда гала концертпен түйінделеді.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сыр өңірінде «Абайдың мұрасы» сайысының іріктеу кезеңі өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123784/)