Қазгидромет мамандарының сөзінше көктем кешікпей келеді. Алдын-ала болжамға сәйкес наурыз айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1 градусқа жылы болады деп күтілуде. Сонымен қатар, жауын-шашын да мол болмақ. Циклон мен Антициклондардың жиі алмасуы салдарынан Солтүстік аймақтарда қар, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болып, ауа температурасының арасында күрт құбылуы ықтимал.
Зұлқарнай ЕРМҰРАТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Наурызда ауа райы қандай болады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123796/)