Солтүстік Қазақстан облысында, 92 елді мекенге тасқын қауіпі төніп тұр. Казгидромет мамандары наурызда күрт жылынып, жауын-шашынның айлық мөлшері еселенетінін ескертеді. Сондықтан Есіл өзені арнасынан асса, бірнеше елді мекен су астында қалуы әбден мүмкін. Қазір бұл ауылдарды Төтенше жағдай департаментінің мамандары күні-түні бақылап отыр. Ал былтыр облыста 90-нан астам елді мекен су тасқынынан зардап шеккен болатын.
Сағындық СӘБИТ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны қаупі төнген 92 ауыл бақылауда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123817/)