Ақпан аяқтала ақтүтек боран сәл бәсеңсиді. Қазгидромет мамандарының сөзінше, көктем кешікпей келеді. Алдын-ала болжамға сәйкес, наурыз айында еліміздің басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1 градусқа жылы болады деп күтілуде. Сонымен қатар жауын-шашын да мол болмақ. Циклон мен Антициклондардың жиі алмасуы салдарынан солтүстік аймақтарда қар, ал оңтүстік өңірлерде жауын-шашын болып, ауа температурасы арасында күрт құбылуы ықтимал.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазгидромет мамандары наурыздағы күн райы болжамымен бөлісті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123818/)