![Коронавирустың кесірінен Apple шығынға батты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/3/1583213436112.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қытай территориясындағы Apple-дің бірнеше магазиндерінің жабылуы компанияны шығынға батырды.
New York Times-тың мәліметтерінше, Apple-дің 42 нүктесі жабылып, 7 нүктесі қайта ашылған.
«Біздің брендтің ең басты құндылығы - өнімдерімізді жасауға көмектесетін адамдардың денсаулығы мен күйлі-қуатты өмірі» деген компания басшылығы өндірістің баяулағанын, қалпына келтірілу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.
Сондай-ақ, «Коронавирустың салдарынан біз осы кварталда өзіміз күткен кіріс нәтижесіне жете алмадық» деп жазылған ресми баспасөз хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, Apple үстіміздегі кварталда өз кірісі 63 млрд $ мен 67 млрд $ арасында болады деп болжаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Коронавирустың кесірінен Apple шығынға батты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123832/)