Алдағы бір-екі жылда елордада 15 қар еріткіш қондырғы орнатылады. Бұл жөніндеұлттық арнаның «Ашық алаң» бағдалрамасына қатысқан қала әкімінің орынбасары мәлімдеді. Алтынбек Қайсағалиевтың айтуынша бұл қондыр өте қымбат. Сондықтан оларды мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде сатып алу жоспарланған. Шаһарда қазір дәл осындай үш қондырғы бар. Біра бұл жеткіліксіз. Қазір қала сыртында қар қабылдайтын 8 полигон бар болса, оның 4-уі толған. Ақ ұлпаны тазалау жұмыстарына күн сайын 1700 адам мен 1,5 мың техника жұмылдырылады.
Ләйлә ДУЛАТҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елордаға қар ерітетін қондырғылар орнатылмақ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/123994/)