![Оңтүстік Кореядан келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/6/1583468925516.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Медициналық мекемелерге жеткізілген 100 адам алдағы 14 күн бойы карантинде болады, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
«2020 жылдың 4 наурызында шыққан Бас мемлекеттік санитардың қаулысымен коронавирус инфекциясы бойынша (COVID-19) 1а санатындағы (ҚХР, Оңтүстік Корея мен Иран) мемлекеттерден келген азаматтар жергілікті атқарушы органдар айқындаған орында үзіліссіз 14 күндік карантинге жатуға міндетті. 2020 жылдың 5 наурызында сағат 15:50-де Сеул-Алматы ұшағымен 197 адам ұшып келді. Олардың ішінде транзитпен келгендердің саны 97 (Қырғызстан – 23, Өзбекстан – 37, РФ – 16, Украина – 18, Оңтүстік Корея – 2, Тәжікстан - 1)», - делінген хабарламада.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореядан келген 100 адам Алматыда карантинге жатқызылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124008/)