![Мереке күндері ауа райы қандай болады?](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/6/1583474643819.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты.
«Алдағы тәуліктерде оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, шығыста арктикалық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын, әсіресе қар жауады. Бірақ республиканың солтүстік және батыс облыстарына жылжыған суық және кең антициклон, қалған аумақтарға да тез тарайды. Сондықтан 8 наурыз мерекесі күні Қазақстанда салқын, бірақ ала бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бірақ дүйсенбі күні республиканың батыс облыстарына Қара теңізден жылы ауа ағымдары жылжығандықтан, күн жылынады», - деп хабарлады Қазгидромет.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мереке күндері ауа райы қандай болады?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124011/)