Ресейде қазақстандық жауынгерлердің ерлігі ұлықталып, рухына тағзым етілді. Ржев, Тверь қалаларын неміс басқыншыларынан азат ету кезінде мыңдаған қазақ сарбазының ерлікпен опат болғаны белгілі. Құрамында отандастарымыз да болған 100-ші және 101-ші дербес атқыштар бригадалары жауынгерлеріне арналып бірнеше жыл бұрын Ржевте мемориал орнатылды. Гранит тақтаға 10 мыңға жуық қазақстандықтың аты-жөні жазылған. Ұлықтау шарасына Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев та қатысты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақ жауынгерлерінің ерлігі ұлықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124028/)