«Ауыл» партиясының активистері параолимпиада ойындарының чемпионы Зульфия Ғабидуллинаны құттықтады. Тараздың тумасы бірнеше әлемдік рейтинг бойынша, жер шарының ең үздік спортшыларының қатарында. Еліміздің параолимпиадашылар құрамасының капитаны - 150 ден астам жүлденің жеңімпазы. Сондай-ақ, партия өкілдері теріскейдегі 15 баланың анасы Татьяна Култышеваны құттықтады. Отбасының үлкені 18 жаста болса, кішісі 9 айлық. Көп ұзамай бұл үйде тағы бір сәби дүниеге келмек. Ал, Түркістан облысындағы батыр ана Әнжыр Қожамбердиева 16 құрсақ көтерген. Бүгінде ол 67 немере, 55 шөбере сүйіп отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мерекеге тарту&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124029/)