Алматы облысында тұтас бір ауыл ауыз суға жарымай отыр. Еңбекші қазақ ауданына қарасты 600 ошағы бар Нұра елді мекенінің тұрғындары тіршілік нәрін кезекте сағаттап тұрып алуға мәжбүр. Ауылдағы айналдырған 3 суағар күніне екі ақ сағатқа қосылғандықтан, бір бірімізбен жаға жыртысуға дейін баратынын айтады олар. Ал аймақ басшылары құбыр жүргізуге 2013 жылдан бері қаражат бөлінбей отырғанын айтады.
Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұра елді мекеніндегі 600 отбасына күніне 2-ақ сағатқа су беріледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124050/)