Еліміздің әр өңірінде баға түрліше құбылып тұр. Кейбір тауарлардың бағасындағы айырмашылық 2 еседен асады. Мәселен, бірінші сұрыпты бидай ұны Павлодарда 84, ал Алматыда 161 теңгеден сатылады.
Сары майдың ең арзаны Павлодарда. Келісі - 1249 теңге. Ең жоғары баға Ақтауда - 2854 теңге. Арзан сүт Көкшетауда 116 теңгеден сатылса, Алматыда екі есе қымбат - 246 теңге.
Картоп Оралда 75, ал Ақтауда 126 теңге. Қызылорда мен Астана қалаларындағы күріштің бағасында айырмашылық 2 еседен асады. Келісі тиісінше 202 және 405 теңгеден.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Республика аймағындағы азық-түлік бағасы қандай?&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/12406/)