![Үкімет шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салды](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/10/1583814455534.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты.
«Самұрық-Қазына» қорына, басқарушы холдингтерге бұрынғы жеткізілген келісімдерге сәйкес, өздерінің валюта нарығындағы іс-қимылын Ұлттық банкпен келісуді тапсырамын. Ұлттық экономика, Қаржы министрліктері бақылауды және тиісінше үйлестіруді қамтамасыз етсін. Ағымдағы міндеттемелерге қатысы жоқ шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салынсын», - деді Асқар Мамин.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үкімет шетелдік валюталарды сатып алу операцияларын жүргізуге шектеу салды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124089/)