![Зейнетақы мен жәрдемақы өседі](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/10/1583820881026.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Инфляцияға және теңгенің бағамына байланысты қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы индекстеледі. Бұл туралы Үкімет отырысында бірінші вице-премьер, Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.
«Инфляцияға байланысты зейнетақы, жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек индекстеледі. Сондай-ақ, теңге бағамының өзгеруіне байланысты дәрі-дәрмек бағасы, азаматтардың шетелде ем алу бойынша шығындар индекстеледі», - деді министр.
Айта кетейік, Үкімет республикалық бюджеттің шығыстарын оңтайландырады. Мәселен, бюджет есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар қысқарады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнетақы мен жәрдемақы өседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124101/)