Елімізде тауарларға интервенция жасалады. Барлық облыста жұмыс істеп тұрған тұрақтандыру қорларындағы азық-түлік жаппай саудаға шығарылмақ. Осылайша, тапшылықтың және баға өсімінің алдын алу шаралары басталып кетті. Бүгін Премьер-Министр қарамағындағыларға қымбатшылыққа қарсы күресті күшейтуді тапсырды.
Облыстарда және Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында тұрақтандыру қорлары бар. Онда осындай күрделі кезеңдерге арналған тауарлар сақтаулы тұр. Сондықтан тапшылықты сылтау қылып бағаны көтергісі келетіндерге жол жоқ деді мамандар. Оның үстіне халық тұтынатын азық-түлік тауарларының 80 пайызы өзімізде өндіріледі екен.
Мамандардың айтуынша, қысыл-таяң шақта азық-түлік бағасын негізсіз өсіруді ойлағандар жазадан құтылмайды. Алдағы күндері еліміздегі сауда орындарында азық-түлік бағасын бақылау мақсатында бірнеше іс-шаралар өткізіледі деп жоспарланған.
Ербол МӘНДІБЕК
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде азық- түлік бағасы тұрақты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124131/)