Павлодардың іргесіндегі Ақсу қаласында электровоз темір жол бойында тұрған тепловозға барып соғылды. Оқиға Ақсу-1 стансасында күндіз болған. Қолда бар мәліметке қарағанда, 20 вагон тіркелген тепловоз тұрған орнынан қозғалмаған. Ал, электровоздың 3 вагоны жартылай темір жол табанынан тайып, аударылып қалған. Адамдар аман. Жараланған ешкім жоқ. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылып, теміржолдағы апаттың себебін анықтап жатыр.
Болат АМАНБАЕВ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақсу қаласында электровоз темір жол бойында тұрған тепловозға барып соғылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124169/)