Елдің денсаулық сақтау мемлекеттік комитетінің ақпаратына қарағанда Қытайда вирус жұқтырған 80 мыңнан астам адамның 61 мыңы ауруханалардан жазылып шыққан. Қазір емханаларда 16 мың сырқат жатса, олардың 4400-нің жағдайы ауыр. Жалпы Қытайдағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталған. Соңғы тәуілікті бұл елде вирус жұқтырған 23 науқас тіркелсе, олардың 10-ы шет елдерден келгендер.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қытайда вирус жұқтырғандардың 76 пайызы құлан таза айыққан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124170/)