Brent маркалы «қара алтын» құны 3,2 пайызға артып, барреліне 38,72 долларға жетті. Дегенмен, қор биржасындағы жағдай оңалмай тұр.
Кеше АҚШ-тың құнды қағаздар акциясы сәл қымбаттаған. Оған ел президенті Дональд Трамптың экономиканы тұрақтандыру үшін шара қабылдау жөніндегі жоспары себеп болды. Алайда, бүгін Нью-Йорк биржасының акциялары тағы арзандап кетті.
Азия нарығында да осындай жағдай. Сейсенбіде индекс көрсеткіштері тұрақталғанымен, бүгін сәл төмендеді. Құнды қағаз құнының құбылуына мұнайдың бағасы ықпал етіп отыр. Ал, S&P агенттігінің сарапшылары болса, биыл мұнай құны барреліне 40 доллардан, келер жылы 50 доллардан аспайды деп болжап отыр.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлемде мұнай бағасы екінші күн қатарынан өсіп келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124171/)