![Президент: Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/12/1583992969616.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс», - деп жазды Мемлекет басшысы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент: Қазақстанда қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124213/)