![Оқушылар 16 наурыздан бастап каникулға шығады](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/3/12/1583994543651.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Коронавирустың таралуына байланысты мектеп оқушылары 16 наурыз-5 сәуір аралығында каникулға шығады. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«ДДCҰ коронавитусты пандемия деп жариялады. ҚР Президенті нақты тапсырма берді. 13 наурыздан бастап қоғамдық шаралар өткізілмейді. 16 наурыз-5 сәуір аралығында орта білім беру мекемелері уақытынан бұрын демалысқа шығады. 16 наурыздан бастап ЖОО-лар қашықтықтан оқытуға көшеді. Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген жоқ», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оқушылар 16 наурыздан бастап каникулға шығады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124214/)