Әлем бойынша қауіпті инфекцияны жұқтырғандар саны 125 мыңнан асып, 4600-дей адам көз жұмды. Жаһанға жаппай тараған дерт 118 мемлекетте анықталып отыр. Ал, соңғы күндері Италия мен Иранда эпидемияның өршуі мамандарды қатты алаңдатуда.
АҚШ-та да эпидемия өршіп барады. Вирустың таралуын тоқтату мақсатында, Ақ үй басшысы Ұлыбританиядан басқа Еуропа елдерімен арадағы сапарларға 30 күнге тыйым салды. Елде жұқпалы дертке шалдыққандар саны 1300-ден асып кеткен. Олардың 38-і қайтыс болды.
Ресейде де жағдай мәз емес. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 28 адамнан ауру белгілері табылған. Олардың арасында жасөспірім бала да бар.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124228/)