Энергетика министрлігі елдегі ірі компания Saudi Aramco-ға осындай тапсырма берген. Енді ол жұмыс қуатын тәулігіне 1 миллион баррельге дейін өсірмек. Сөйтіп саудия күніне 13 млн баррель мұнай өндірмек. Осының салдарынан қара алтын бағасы тағы арзандауы мүмкін. Эр-Рияд мұндай қадамға ОПЕК аясында Ресеймен келісім жасай алмағандықтан барып отыр. Сонымен бірге Біріккен Араб Әмірліктері де сәуірден бастап мұнай өндірісін арттыратынын хабарлады.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сауд Арабиясы мұнай өндірісін арттыратынын хабарлады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/124229/)