Мемлекеттік сатып алулар туралы Заңға осындай өзгеріс енуі мүмкін. Бұл- сыбайлас-жемқорлыққа тыйым салудың бір жолы. Сондай-ақ, "Электронды дүкен" әдісін тәжірибеге енгізу арқылы тауарларды 1 күнде сатып алуға мүмкіндік бар. Және тендерге қатысушылар арасында рейтингтік-баллдық жүйе қолданылмақ. Веб-портал конкурс жеңімпазын автоматты түрде анықтайды. Жалпы өзгерістер, бір жерден сатып алуды қысқартуға, сыбайлас-жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіруге бағытталған түзетулер деп үш топқа жіктелген.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ